Америка және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Америка және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы «Университет демократиялық басқару алаңы ретінде» жобасы аясында New School университетінің көмегімен құрылып, жұмысын 2004 ж.1маусым айында бастады.

Америка және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы директоры – профессор, тарих ғылымдарының докторы Кукеева Ф.Т.

Ресурстық орталықтың мақсаты:

Алматы қаласының ғылыми және оқу орындарына электронды ақпарат көздеріне, соның ішінде Бүкіләлемдік Интернеттің ақпараттық және ғылыми ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу; демократияландыру және американтану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру; американтану саласындағы мамандарды даярлауға жәрдемдесу; Америка Құрама Штаттарының тарихы, саяси жүйесі және сыртқы саясаты курстарын әдістемелік қамтамасыз етуді және американдық студенттер қауымдастығының басшылығын жетілдіру. Ресурстық орталықтың пайдаланушылары ҚазҰУ және Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары, профессорлық-оқытушылық құрамы болып табылады.

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, 221 каб.