Студенттің ар-намыс кодексі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ СТУДЕНТІНІҢ

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қауымдастығы:

  • Университеттің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса       жоғары мамандарды       дайындау миссиясын жүзеге       асырудағы өз жауапкершлігін сезіне отырып;
  • Университеттік қауымдастықтың бірлескен мәдениетін қолдау       мен дамытуды,ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кәсіби       мамандарды дайындаудың жетекші       орталығы   және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін       сақтауды өзінің міндеті       ретінде санай отырып;
  • ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкерлермен және       жоғары оқу орнының       әкімшілігі арасында шынайы       демократиялық       қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла       отырып;
  • ҚазҰУ студентінің аталып отырған ар-намыс       Кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

1-бап

ҚазҰУ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ,ҚазҰУ Жарғысына, ішкі тәртіп Ережесіне және басқа да ҚазҰУ-дың нормативті актілеріне бағынады.

2-бап

ҚазҰУ студенті ұлттық мәдениет пен Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасу тарихын біледі және оларды қастерлейді, университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтайды және оларды құрметтейді.

3-бап

ҚазҰу студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және ҚазҰУ әкімшілігінің  өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік,кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.

4-бап

ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның шығу тгі мен ұлтына, әлеуеттік дәрежесіне,діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды.

5-бап

ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді.

-Плагиат,

-Алдау,

-Шпаргалка пайдалану,білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру және біреуден сұрау,

-Білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту,

-Жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану,

-пара беру

-Оқытушыны алдау және оны сыйламау,

-Сабақтарды жіберу және кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау,

6-бап

ҚазҰУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және университет аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді.

7-бап

ҚазҰУ студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

8-бап

ҚазҰУ студенті ұқыптылықты сақтайды.Оның сыртқы түр келбеті этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.

9-бап

ҚазҰУ студенті салауатты өмір салтын ұстанады,өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, университеттің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спроттық өміріне белсене атсалысады.

10-бап

ҚазҰУ студенті университетте және оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

11-бап

ҚазҰУ студенті тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ, заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге,акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

12-бап

ҚазҰУ студенті университет мүддесіне қайшы келетін және ҚазҰУ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.

13-бап

ҚазҰУ студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе ҚазҰУ әкімшілігіне хабарлауға құқылы.