AR08053346 «Тұрақты даму инновацияларын олардың экономикалық орындылығы және Қазақстан Республикасында кәсіпорынды тиімді басқару тұрғысынан зерттеу» жобасы

21.12.2021

Көрулер: 2059

Дүниежүзілік Табиғат Қорының (WWF) есептеріне сәйкестабиғи ресурстарды тұтыну ауқымыәсіреседамушы елдерде 2050 жылға қарай әлем халқыныңқажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа планета қажетболатындай пропорциялар алудаҮкімет мүшелері табиғиресурстарды пайдалану жағдайын өзгерту керектігінтүсінедіМемлекеттердің тұрақты дамуға негізделгенинновацияларды енгізу туралы үндеуіне жауап бергенкомпаниялар қазірдің өзінде айтарлықтай оң өзгерістердікөрудеТабиғи ресурстарды үнемдеугеқалдықтарды қайтаөңдеугешығындардың барлық түрлерін азайтуғабағытталған технологиялық және өнім инновацияларыкомпанияларға айтарлықтай экономикалық пайда әкеледіБасқаша айтқандатұрақты инновациялар табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін ғана маңызды емессонымен қатаржаңа бизнес үлгілері ретінде кәсіпорындар үшін тиімдіҒылыми жобаның идеясы – Қазақстандағы кәсіпорындардатұрақты даму инновацияларын басқарудың әдіснамасынәзірлеу және тиімді үлгілерін құруБұл жоба отандықкәсіпорындарда тұрақты инновациялық менеджмент саласындағы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Жоба мақсаты – тұрақты даму инновацияларын(тұрақтылыққа негізделген инновацияларолардыңэкономикалық орындылығы тұрғысынан зерттеу жәнеқазақстандық кәсіпорындарды тиімді басқару жолдарын ұсыну.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

2020 жылы:

- Шет елдердегі тұрақты инновацияларды басқарутәжірибесін зерттеу негізінде «тұрақты инновация» түсінігіоның мәні мен басқарудың жаңа сипаттамасы анықталды;

Қазақстандағы кәсіпорындарда тұрақты дамуинновацияларын дамытудағы негізгі кедергілерін анықтаумақсатында сандық және сапалық зерттеулер жүргізілді;

Тұрақты инновацияларды басқарудың ейсіндайындау бойынша отандық инновациялықкомпаниялардың қызметіне талдау жасалды.

- 9 мақалаоның ішінде Scopus деректер базасындаиндекстелген журналдарда 2 мақалаҚР БҒМ БҒССҚЕКұсынған журналдарда 2 мақала және отандық жәнешетелдік халықаралық конференциялар материалдарында 5 мақала жарияланды.

2021 жылы:

Қазақстандағы кәсіпорындарда тұрақтыинновацияларды тиімді дамытуға ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды анықтау үшін заңнамалықбазаны қамтитын жүйелі әдеби шолу жүргізілді.

Келесі компаниялардың қызметтеріне талдаужүргізілді: «Kuntech» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «BI Group» Холдингі, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ, «Истоки Добра» ОО, «Арнасай жасылтехнологиялар орталығы», «Ұлы Дала» ЖШС. Нәтижесіндетұрақты дамуға кедергі келтіретін факторлардың келесідейтоптары анықталды: «Мемлекет реттейтін факторлар», «Нарық ықпал ететін факторлар», «Дамумен байланыстыфакторлар», сондай-ақ «Ақпараттық факторлар».

- Қазақстандық кәсіпорындарда тұрақты даму инновацияларының тиімді дамуына ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ретінде келесі көрсеткіштер анықталды: тұтыну құны, тұрақты жеткізу тізбегі, әлеуметтік жауапты тұтынушы интерфейсі, техникалық деңгей мен өнім сапасының өсуі, еңбек жағдайларын жақсарту, тиімді ресурстарды пайдалану, жабдықтарды жаңарту.

- 2021 жылғы 16 наурызда бизнес өкілдері мен ғылыми қауымдастық арасында «Шетелдік инновациялық кәсіпорындардың тұрақты даму үлгілерін бейімдеу мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оның нәтижесінде тұрақты даму үлгісінқұру бойынша ұсыныстар алынды.

- Операциялық оңтайландыру, ұйымдық трансформация және жүйені құру сияқты үш негізгі блоктан тұратын тұрақты дамуды басқарудың инновациялық моделі жасалынды. Бұл модель тұрақты инновацияларды пайдалануға қатысты инновациялық кәсіпорынның жетілу деңгейін бағалауға ғана емес, сонымен қатар дамудың неғұрлым жетілген деңгейіне өту шараларын қамтиды.

- 2021 жылдың 9 сәуірінде бизнес пен ғылыми қауымдастық өкілдері арасында «Ковид-19 пандемиясы жағдайында Қазақстандағы компаниялардың тұрақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның нәтижесінде отандық кәсіпорындарда тұрақты инновацияларды дамытуға оң және теріс әсер ететін факторлар анықталды.

- «Кәсіпорынындағы тұрақты даму инновацияларын басқару тәжірибесі» атты монографияға авторлық куәлік алынды (1 сәуір, 2021 ж., № 16265).

- «Кәсіпорындардағы тұрақты дамудың инновациялары: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша оқу құралы жарық көрді.

- 11 мақала, оның ішінде Scopus деректер базасында индекстелген журналда 1 мақала, ҚР БҒМ БҒС СҚЕКұсынған журналдарда 3 мақала және отандық және шетелдік халықаралық конференция материалдарында 7 мақала жарияланған.

- 2023 жылы:

Зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық университеттердің білім беру қажеттіліктеріне арналған әдістемелік ұсыныстар түріндегі зерттеу кейстері менеджерлерді кәсіби даярлаудағы кейс-стади принциптері бойынша әзірленетін болады.

- Шетелдік әріптестерді тарту арқылы тестілеу және үш көрсетілім дәрісі өткізіледі.

- Зерттелетін компаниялардың кейстері басқа ұлттық кәсіпорындарда озық тәжірибе ретінде пайдалану үшін атқарушылық брифинг қағидаттары бойынша сипатталатын болады.

- «Қазақстан Республикасында тұрақты даму инновацияларын олардың экономикалық орындылығы және кәсіпорынды тиімді басқаруды құру тұрғысынан зерттеу» тақырыбы бойынша 1 монография жарияланады.

- 5 мақала, оның ішінде импакт-факторы нөлден асатынрецензияланған шетелдік ғылыми журналдарда 2 мақала, ҚР БҒМ БҒС СҚЕК ұсынған журналдарда 2 мақала және отандық және шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында 1 мақала жарияланады.

Зерттеу тобының мүшелері:

1. Досжан Райгүл Дүкенбайқызы – жоба жетекшісі, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының доценті. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 6. Scopus ID – 55970572200 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55970572200ORCID IDhttps://orcid.org/0000-0001-7480-3568.
2. Гамидуллаева Лейла Айваровна – э.ғ.д.Пенза мемлекеттік университеті, РФ. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 11. Scopus ID – https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56436586400ORCID IDhttps://orcid.org/0000-0003-3042-7550.
3. Жупарова А.С. – PhDәл-Фараби атындағы ҚазҰУЭкономика және бизнес Жоғары мектебінің "Экономика" кафедрасының доценті, экономикалық зерттеулер орталығының жетекші зерттеушісіScopus базасы бойынша Хирш индексі = 4. Scopus ID – 55916782100 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55916782100. ORCID IDhttp://orcid.org/0000-0002-7447-268X.   
4. Серикбекулы Асхат – әл-Фараби атындағы ҚазҰУЭкономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы«Жобаларды басқару» мамандығының PhD докторанты.Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 2. Scopus ID – 57216620444 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57216620444. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-1232-5238
5. Қожахметова Әсел Көшербайқызы – PhDәл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысыScopus базасы бойынша Хирш индексі = 3. Scopus ID – 57209825232 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57209825232. ORCID ID - http://orcid.org/0000-0002-3077-2023
6. Исмаил Гулим Жараскызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының оқытушысыScopus базасы бойынша Хирш индексі = 2. Scopus ID – 57205624248https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57205624248. ORCID IDhttps://orcid.org/0000-0002-2330-1063.
7. Сулейменова Майра – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Менеджмент мамандығы бойынша магистрі