Тәуелсіздік күні - ұлы күн

09.12.2021

Көрулер: 1811

   Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздік қарсаңында 1991 жылдың 16 желтоқсанын еске алады. Көзді ашып жұмғанша 30 жыл да зымырап өтті. Бұл Қазақстан мемлекетінің тарихындағы ойып тұрып орын алған ұлы жеңістің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: "Отанымыздың тағдырына жол ашқандардың бәріне Тәуелсіздік күні - ұлы күн!". Шынында да, бұл жай ғана мереке емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың еңбекқорлығы мен достығының нәтижесі.

   Қазақстан - тұрақты экономикасы және болашаққа ұтымды жоспары бар тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет. Бүгінде Қазақстан өзінің құқықтары мен мақсаттарын батыл мәлімдейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін экономика, ғылым, мәдениет дами бастады. Елімізге өз мемлекетін құруды бастау, дағдарыстан шығу, жұмыссыздықты еңсеру оңай болған жоқ. Бірақ, халқымыз осы қиындықтардың барлығына да төтеп бере алды. Тәуелсіздік жылдарында көптеген жетістіктер болды: мықты мемлекет құрылды, ең серпінді экономикалардың біріне айналды, адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарылды.

Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, тәуелсіздікке қол жеткізген ұлы оқиға тек қана қазақ халқының ғана емес, барша ұлттың мейрамы. Барлығымызды достық, құрмет және ортақ мәдениет біріктіреді. Қазақстанда он бес миллионнан астам адам, жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері біртұтас отбасы болып өмір сүреді. Мұның бәрі бір-біріне жақсы көзқарас пен жанашырлықтың арқасында. Соған байланысты қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылады. Ұлттық театрлар мен эстрадалық ансамбльдер жұмыс істейді. Радио мен теледидарда ұлттық бағдарламалар беріледі.

   30 жыл ішінде Қазақстан қаншама жетістіктерге қол жеткізді. Соған тоқтала кетейік.

   Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кірді. Бұған Елбасының 1991 жылғы 29 тамыздағы Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы ықпал етті. 1949 жылы 29 тамызда полигонда алғашқы сынақ өткізілді. 40 жылдан астам уақыт өткен соң дәл осы күні полигонды жабу туралы жарлық шықты. Осы уақыт аралығында мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірген 500 жарылыс жасалды.

   1995 жылы Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты-елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету.

   Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – Астана қаласының құрылысы. Қысқа мерзім ішінде еліміздің визит карточкасына айналған заманауи қала пайда болды. 1999 жылдың өзінде Қазақстан астанасы әлемдік деңгейде өз орнын табуға қол жеткізді. Қала ЮНЕСКО-ның "Әлем қаласы" марапатына ие болды. Бұл марапат әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда қысқа мерзімде үлкен нәтижелерге қол жеткізген әлемнің жаңа қалаларына беріледі.

Тәуелсіздік қарсаңында Республика беделді және ықпалды халықаралық ұйымдардың қатысушысы болды. Олардың арасында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, БЭК, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ бар. Қазақстанның астанасында жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіледі.


   Елбасының тапсыруымен Қазақстанда спортқа көп көңіл бөлінетін болды. 30 жыл ішінде қазақстандық спортшылар 60-тан астам олимпиадалық марапаттарға ие болды. Қазақстандық спортшылар арасында Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Елдос Сметов, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Зарина Дияс, Элизабет Тұрсынбаева бар. Тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің басты спорт саласындағы жетістіктің бірі- 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын өткізу болды. Оған 30-ға жуық елдің өкілдері қатысты.

   2012 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның 2013-2014 жылғы жаһандық есебінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Осы уақыт аралығында ЖІӨ көлемі 18 есе, халықтың табысы тоғыз есе өсіп, кедейлік деңгейі 10 есе қысқарды.

   2017 жылы Қазақстан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізген ТМД-ның алғашқы елі болды. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге төрт миллионға жуық адам келді. Олардың жарты миллионы басқа елдерден келді. 

   Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан 300 миллиард доллардан астам шетелдік инвестицияны құрады. Ең ірі инвесторлар-Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия, Жапония, Бельгия және Канада болды.

   Қазақстан егемендік алған сәттен бастап елімізде 300 мыңнан астам жұмыс орны және 1250 жаңа кәсіпорын құрылды. Соңғы жылдары 500-ден астам өнім түрлері игерілді. 50-ге жуық жаңа тауарлар экспортталды. 

   Еліміздің алдыңғы қатарлы аренаға шығуына әрбір азаматтың қосқан үлесі зор ықпал етті. Ата-бабаларымыз осындай өмірді армандады. Ерең еңбектің, қажымас қайраттың, өшпес рухтың арқасында еліміз өз дегеніне жетті. Оны әрі қарай жалғастыру біздің қолымызда. Бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

 

Акбота АХМЕТОВА