Ашық есік күні

01.12.2022

Көрулер: 1145

Ағымдағы жылы Алматы қаласы бойынша Экология департаменті ұжымы ұйымдастырған "Ашық есік күні" өтті. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының Экология мамандығының 4-курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында департамент қызметкерлері болашақ мамандармен Алматы қаласының өзекті экологиялық мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады. Студенттерді Алматы қаласы бойынша Экология департаменті сынақ зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің бас маманы, департаменттің қоршаған ортаны қорғауда атқарып жатқан іс-шараларын, алға қойған мақсаттарымен таныстыра отырып, экологиялық мәдениет пен білімді насихаттаудың қажеттілігі туралы баяндады. Сонымен қатар, сынақ зертханасындағы қазіргі заманауи өлшеу құралдарына, нормативтік құжаттарға шолу жасалды. Алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттеріне департаментте тәжірибе алмасуға, бірлескен экологиялық іс-шаралар, акциялар өткізуге толық мүмкіндік бар екендігін атап өтті.

Алматы қаласы бойынша Экология департаменті өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау қызметтерін жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді. Сонымен қатар, Алматы қаласының Экологиялық департаментінің негізгі атқаратын қызметі, жалпы Алматы қаласының экологиялық жай күйін бағалап, талдау жасап, қаланың басты экологиялық мәселелерін реттеуге бағытталған.

Экологиялық департамент басшысы атқарылып жатқан жұмыстар жайында бөлісе отырып, жастарды Алматы қаласының және өз елінің жанашыр азаматы ретінде Қазақстанның экологиялық мәселесін біріге шешуге ат салысуға шақырды. Болашақ жас мамандардың табиғи қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тазалықты насихаттауға терең мән беру керектігін айтты. Жастар үлкен қызығушылық танытып, тың идеялармен бөлісті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының Экология мамандығының студенттерімен Алматы қаласы бойынша Экологиялық Департамент арасындағы тәжірибе алмасу мақсатындағы ашық есік күні үрдісі жыл сайын жалғасын табады.