Қазақстан ЮНЕСКО кафедраларының бірінші жұмыс кеңесі

23.10.2022

Көрулер: 868

2022 жылғы 17 қазанда "Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақ-Неміс университетінде өткен "Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Білім және ғылым саласындағы отбасы" тақырыбында ұйымдастырылған Қазақстан ЮНЕСКО кафедраларының I-ші жұмыс кеңесіне қатысты. Іс-шараға: әлем бойынша ЮНЕСКО кафедраларының бағдарлама жетекшісі И. Нишанян (онлайн, Париж қ.), Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бас хатшысы А. Байсабаева, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры М. Магнуссон (онлайн), Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы В.Фауст, Ұлттық комитет төрағасының орынбасары Р.Р. Музафаров және басқалары орын алды.


ЮНЕСКО кафедралары мен орталықтары арасында тәжірибе алмасу платформасын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның барлық кафедралары өз қызметі туралы баяндама жасады. “
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО" кафедрасының меңгерушісі Т. А. Базарбаева кафедра жұмысының бағыттарын, басты табысты жобаларын баяндап, 2022-2023 жылдарға жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Семинарға қатысушылар ЮНЕСКО-ның Орталық Азия өңірі және бүкіл әлем бойынша кафедраларымен тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыруға ортақ ниет білдірді.