«6В042-Құқықтану» мамандығының білім беру бағдарламасы

Құрметті студент!

 

Сіздің алдыңызда пәндер Каталогы берілген, ол Сізге 6В042-Құқықтану мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша жеке білім алу траекториясын құруға көмектесуге тиіс.  

Білім беру бағдарламасын іс жүзінде қамтамасыз етуде пәндер Каталогы оқу құжаттар жүйесінде қандай орын алады?

Мамандық бойынша білім беру бағдарламасы пәндер циклдарымен берілген – базалық пәндер циклы (БД), профильдік пәндер циклы (ПД).

Базалық және профильдік пәндер міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттер тізімінен тұрады. Міндетті компонентті ТОБ белгілейді. Таңдау бойынша компонент оқу пәндерінің тізімі түрінде, студенттер өз бетімен жеке білім алу траекториясын қалыптастыру үшін пәндер Каталогында үсынылған.

Таңдау бойынша компонент – университет ұсынып отырған оқу пәндерінің тізімі, ол:

- еңбек нарығының мұқтаждығына сәйкес нақты сала үшін мамандарды даярлау бағытын қамтамасыз ететін жұмыс берушілермен келісілген;

- білім беру қызметінің негізгі тұтынушыларын кәсіби даярлау негізі ретінде білім беру бағдарламасының сапасын бағалауды ескеруге мүмкіндік туғызатын түлектермен келісілген.

Каталог көмегімен жеке оқу жоспарына қалай оқу пәнін таңдауға болады?

- Сіздің мамандығы мен курстағы элективтік пәндер кестесін тауып алыңыз;

- таңдауға ұсынылған оқу пәндерінің (базалық және профильдік) ішінен қайсысы Сіз бұрында оқыған пәндер оның пререквизиттері болып келетінін анықтаңыз. Постреквизиттер бойынша жеке траектория мазмұнын ары қарай қалыптастыру бағытын анықтаңыз, оны өзіңіздің ниетіңізбен және күтуіңізбен салыстырыңыз:

- оқу курсының аннотациясына және күтілетін нәтижелерге талдау жасаңыз;

- таңдау жасаңыз, таңдалған оқу курстарының көлемінің (кредит саны) жеткілікті екенін тексеріңіз;

- қажетті жағдайда эдвайзермен кеңесіңіз.

Учебный план 6В04205 Юриспруденция.pdf

Каталог Дисциплин Специальность «6В042 - юриспруд