Фармация

Фармация мамандығы:

"Фармация" ББ мақсаты қазіргі заманғы білімі мен дағдылары бар және денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде фармацевтикалық көмек көрсетуге қабілетті Фармация мамандарын даярлау болып табылады.

 В085 Фармация

Оқу ұзақтығы: 10 семестр, 5 жыл

Оқыту тілі: казақша, орысша, ағылшынша 

Оқыту түрі (формасы): күндізгі

Бейіндік пәндер: биология және химия  

Шекті балл: 70 балдан кем емес (бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет)

Жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар лауазымдары:

✔    Фармацевт (провизор)

✔    Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инженер- технолог 

✔    Фармациядағы сапа жөніндегі менеджер 

✔    Клиникалық фармацевт

✔    Радиофармацевт

✔    Инспектор

 


 

7М10116 Фармация (Бейіндік бағыт)

Оқу ұзақтығы: 2 семестр, 1 жыл

Біліктілігі: 7М10116 Фармация ББ бойынша денсаулық сақтау магистрі 

Оқыту тілі: казақша, орысша, ағылшынша 

Оқыту түрі (формасы): күндізгі

Бейіндік пәндер:

✔    Фармация мен дәрілер технологиясын басқару және экономикасы  

✔    Фармацевтикалық химия және фармакогнозия

Шекті балл: кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 7 балл – бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен-кемінде 7 балл

 


 

7М10117 Фармация (Ғылыми-педагогикалық бағыт)

Оқу ұзақтығы: 4 семестр, 2 жыл 

Біліктілігі: 7М10117 Фармация ББ бойынша денсаулық сақтау магистрі 

Оқыту тілі: казақша, орысша, ағылшынша 

Оқыту түрі (формасы): күндізгі

Бейіндік пәндер:

✔    Фармация мен дәрілер технологиясын басқару және экономикасы 

✔    Фармацевтикалық химия және фармакогнозия

Шекті балл: кемінде 75 балл (бұл ретте шет тілі бойынша-кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 7 балл – бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен - кемінде 7 балл – оқуға дайындығын айқындауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл)

 


 

8D10104 Фармация

Оқу ұзақтығы: 6 семестр, 3 жыл 

Берілетін дәреже: ББ 8D10104 Фармация бойынша философия докторы (PhD) 

Оқыту тілі: казақша, орысша, ағылшынша 

Оқыту түрі (формасы): күндізгі

Алдыңғы білім деңгейі: 6М110400 – "Фармация", 6М074800 – "фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша магистратура және жұмыс өтілі 9 (тоғыз) айдан кем емес.

Жалпы талаптар:

ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №600 "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (өзгерістермен және толықтырулармен), алдын ала іріктеу "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)"білім беру саласындағы докторантура бағдарламаларына түсу кезінде міндетті кезең болып табылады.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала іріктеу нәтижелері түсу емтихандарына РҰҚСАТ БЕРУ немесе ЖІБЕРМЕУ болып табылады.

Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:

✔    Ағылшын тілі: IELTS Academic ( International English Language Testing System Academic) шектік балл – 5,5 кем емес;

✔    TOEFL IBT шектік балл – 46 кем емес;

✔    TOEFL PBT шектік балл – 453 кем емес;

✔    TOEFL ITP шектік балл – 460 кем емес;

✔    Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NiveauВ2/деңгей В2), TestDaF-Prufung (Niveau В2/деңгей В2);

✔    Француз тілі: TFI (Test de Franзais International™) –В2 деңгейінене кем емес оқу және тыңдау секциялары бойынша), DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) –B2 деңгей, DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) –В2 деңгей, TCF (Test de connaissance du franзais) –50 баллдан кем емес.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін ЖОО-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

TOEFL IBT сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.