«Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар» қаржылық білім беру бойынша халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

05.04.2021

Көрулер: 2094

06 - 07 сәуір, 2021 жылы Ресейдің қаржылық сауаттылықты дамыту қауымдастығы Орел қаласы И.С. Тургенев атындағы Орловский Мемлекеттік университеті, Мәскеу қаласы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Қазан қаласы Қазан федералдық университеті, Рязань қаласы В.Ф. Уткин атындағы Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университтері сияқты ЖОО біріге отырып, «Еңбек ұжымдарындағы қаржылық сауаттылық, іскерлік және білім беру ортасы: әлемдік және аймақтық үрдістер мен тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.