Ұлы дала энергетиктері!!

22.12.2020

Көрулер: 1072

2020 жылдың 22 желтоқсан күні Энергетиктер күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен Электр энергетикасы мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала энергетиктері» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат энергетика мамандығының еліміздің экономикасына маңыздылығын түсіндіру, энергетика мамандығын болашақ абитуриенттерге насихаттау, өз мамандығын бағалау, мақтан ету, студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, болашаққа бағдар беруге баулу және де Электр энергитика мамандықтарының дәстүрлі төл мерекесін ұмытпау.

Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Студенттер өз өнерлерінен көрермендерге сый тартты. Адемі өлең мен әндер айтылып, күмбірлеген қоңыр күй тартылды, қызықты видео-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар жоғарғы курс студенттері энергетикадағы бағытындағы соңғы жаңалықтармен және де өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісті. Оқытушылар энергетиктер күнімен құттықтап, өз алғыс-лебіздерін айтып, алған әсерлерімен бөлісті. 

ЭЭ отчет каз.docx