«Дені саудың – жаны сау»

19.02.2021

Көрулер: 1598

2021 жылдың он тоғызыншы ақпанында «Денсаулық мәдениеті» жоба аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығының магистранты Садық А.Ғ. және де Компьютерлік физика мамандығының екінші курс студенттері ұйымдастырған «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат: «гигиена» ұғымымен таныстыру, студенттердің жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту.

Іс – шараның міндеттері: өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға,өзге адамдарды құрметтей белуге тәрбиелеу.

Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Студенттер өздерінің күнделікті өмірлеріндегі жеке бас гигиенасының сақтау жолдарын айтып түсіндірді. Сонымен қатар, «гигиена» тек жеке бас тазалығы ғана емес, қоршаған ортамыздың да таза болуы екенін ескердік.