«Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғ. Мүсіреповтың туындысы»

05.03.2021

Көрулер: 1637

 

2021 жылдың бесінші наурызында «100 кітап» жоба аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығының магистранты Садық А.Ғ. және де Компьютерлік физика мамандығының екінші курс студенттері ұйымдастырған «Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғ. Мүсіреповтың туындысы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат: студенттерге ақын өлеңдеріндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Іс – шараның міндеттері: студенттердің ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп айту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Студенттер жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығындағы таныс өлеңдерімен бөлісті. Ақынның өлеңдеріндегі негізгі ойлар талқыланды.