«Денсаулық мәдениеті» жоба аясындағы «Адамның арқауы-адал ас» атты онлайн тәрбие сағаты

05.02.2021

Көрулер: 1571

2021 жылдың бесінші ақпанында «Денсаулық мәдениеті» жобасы аясындаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен электр энергетикасы мамандығының магистранты Молдырақым Н.Б. және де электр энергетикасы мамандығының 3-курс студенттерімен ұйымдастырылған атты «Адамның арқауы-адал ас» ашық онлайн тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат:

Халал мен харам астарды ажырата білуі болашақ үшін аса маңызды.

Денсаулыққа зиянды тағамдарды ажырата білу

Азық-түлік аларда оның құрамына және этикеткасына мән беруді түсіндіру.

Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтілді. Тәрбие сағатымызда халал ас пен харам ас туралы және азық-түлік өнімдерін дұрыс пайдалу жолдары ұсынылды. Студенттеріміз белсенді қатысып отырды. Іс-шарамызға қатысқан ұстаздар және студенттер алған әсерлері мен ойларымен бөлісті.