“Green Campus” жобасы аясында көгалдандыру іс-шара

10.02.2021

Көрулер: 1411

2021 жылдың 10 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен электр энергетикасы мамандығының 1 курс магистранттары ұйымдастырған “Green Campus” жобасы аясында көгалдандыру іс-шарасы өтті.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат: Магистранттар кафедра атмосферасына жағымды әсер ететін, эстетикалық жағынан сұлулық беретін әртүрлі гүлдерді табыс ету арқылы оқу ордасын көгалдандыру.

Бұл іс-шараны қатысқан ұстаздар мен студенттер өз ойларын айтты, алған әсерлерімен бөлісті.