«Дін мен дәстүр» атты іс-шарасы

16.02.2021

Көрулер: 1300

2021 жылдың 16 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен Электр энергетикасы мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» атты іс-шарасы өткізілді.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат қазақ халқының дәстүрін дінмен ұштастыру және де көптеген діни ағымдардан сақтану. Іс-шара студенттерге қызықты форматта өтілді.

Аталмыш іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтті. Іс-шара барысында алдыңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы діни ағымдар статистикасымен танысып онымен күресу жолдарымен таныстық.