Іс -шаралар
"Планетаны сақтауға көмектесу үшін не істей аламын"
|
|
| ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫҮЗДІК СТУДЕНТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ |
|
«Мен қандай адаммын?»
|
![]() |
![]() |
2023 жылдың 15 сәуір күні « Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары: Муратов Дулат, Сәрсенбек Нұрдәулет және Сағындық Айдос “Компьютерлік физика” мен “Физика және нанотехнология” ББ 1-2 курс студенттеріне «Мен қандай адаммын?» тақырыбында ашық тәрбие іс-шарасын өткізді👏 Куратор-эдвайзер: Кенжебекова А.И. |
ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
| "Физика және нанотехнология"ББ 1 курс студентіЕлеусінов Мұрат Жарқынбекұлы "Signalizing EyeglasseS"жобасы үшін СБИ (студенттік бизнес инкубатор) жыл сайынғы Инновациялық жобалар байқауында II орын алды. Құттықтаймыз! 🎉 |
|
![]() |
«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы-нәтижелері белгілі болды
![]() |
![]() |
![]() |
2023 жылғы 6 сәуірде физика-техникалық факультетте «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясының «Плазма физикасы және нанотехнология» секциясының отырысы өтті. Конференция бағдарламасы 24 баяндаманы қамтыды. Баяндамалардың тақырыптары плазма физикасының, заманауи нанотехнологияның, плазманың қасиеттерін зерттеудің сандық әдістерінің өзекті мәселелеріне арналды. Секция отырысының қорытындысы бойынша: - Бірінші орын «Ядролық физика» мамандығының 5 курс бакалавриат студенті Джиенбеков Насреддинге «Күшті магнит өрісіндегі идеалды емес плазманың транспорттық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы үздік баяндамасы үшін берілді. Жиенбеков Насреддин бакалавриат студенті бола тұра осы тақырып аясында жоғары импакт-факторы бар журналдарда 2 ғылыми мақала жариялады. - Екінші орынды 1 курс магитсранттары Қырықбай Бағлан мен Байғалиев Ақдаулет иеленді. - Үшінші орын 1 курс магистранттары Ташкенбаева Ержан, Сәрсенбек Нұрдәулет және 4 курс бакалавриат студенті Тогасова Айжамалға берілді. Барлық баяндамалар тезистер жинағына енгізілді. Жоспарланған халықаралық конференция өте жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар ресми түрде физика-техникалық факультетінің деканының қатысуымен дипломдармен марапатталды.👏👏👏 |
«Qazaqsha quiz» болып өтті.
|
17 наурыз күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Логистика және көлік академиясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысумен «Qazaqsha quiz» атты зияткерлік сайыс өтті. Қатысушы топтар 4 кезеңнен тұратын әр түрлі тақырыптағы зияткерлік сұрақтарға жауап беріп, қызықты тартыс болды. Сайыс қорытындысы ұпайлық жүйемен есептелініп, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген күні: 17.03.2023 Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 521 ауд. |
|
«IT- ғасыр талабы »
Өткізілген күні: 15.04.2023 Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 514 ауд. |
|
«Буллингтің алдын-алу жолдары»
Өткізілген күні: 18.04.2023 Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 517 ауд. |
|
«Эмоционалдық шаршау және оны жеңу стратегиялары»
Өткізілген күні: 17.04.2023Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 522 ауд. |
|
-
«Жемқорлыққа жол жоқ»
-
-
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Өткізілген күні: 1.12.22
Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 500 ауд.
-
-
«Агрессия мен қақтығыстарға жол жоқ»
-
-
«Агрессия мен қақтығыстарға жол жоқ» атты психологиялық іс-шара өтті.
Өткізілген күні: 20.11.22
Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 514 ауд.
-
-
«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін»
Өткізілген күні: 15.11. 2022Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, 330 ауд. |
|
-
«Менің Отаным Қазақстан»
ҚР Республика күніне орай өткізілген «Менің Отаным Қазақстан» атты мерекелік іс-шара.Өткізілген күні: 21.10.2022Өткізілген орны: Физика-техникалық факультет, Лек 2 |
|
Өндірістегі ғылыми қызметкерлермен кездесу өтті !!!
Ағымдағы жылдың 4 қазанында "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС (бұдан әрі – ҚМГИ) компаниясының өкілдері ҚМГИ аға ғылыми қызметкері Д. А. Дәулетбаковпен және ҚМГИ Атырау филиалының ғылыми қызметкері Б. Ж. Сүлейменова ханыммен кездесу өтті. Аталған іс-шараға физика-техникалық факультетінің деканы Н.А.Бейсен және плазма физикасы , нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының меңгерушісі, к. ф. - м. н., профессор Сандуғаш Құлмағамбетқызы Коданова және оқутышы-профессорлар құрамы қатысты. |
ТЕАТР-МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ,ӨНЕР ОРДАСЫ !!!
![]() |
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен
Қойылым соңында студенттер мен оқытушылар қызықты кештен естелікке суретке түскен болатын ! |
![]() |
![]() |















