Студенттер Сенатының Шығыстану Мәслихаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер Сенатының Шығыстану Мәслихаты

2019-2020 жж. есептемесі

Атқарылған іс-шврв

Мерзімі

Фотоесеп

1.

13.09.2019 күні өткізілген іріктеу кастингінен кейін 18.09.2019 курс студенттерімен бірге алғашқы жиналыс өткізіліп, жаңа команда құрылды.

Студенттер өздерін жаңа қырдан ашу мақсатында Мәслихатты таңдап, жаңа танысуға толы болатын студенттік өмірді асыға күтуде.

18.09.2019

2.

Ұйымдар Жәрмеңкесінде Студенттер Сенаты курс студенттерін өз қатарына қосылуға шақырып, өз өнерлерін көрсетті.

 

11.09.2019

 

3.

Шығыстану Мәслихаты Студенттер Сенатымен бірге “Charyn Party” атты қызыққа толы Шарын шатқалына бір күндік саяхат өткізді.

Денсаулығымызды нығайтып, Қазақстанның туристік жерлерін аралау мақсаттарымыздың бірі болып табылады.

 

29.09.2019

 

4.

Шығыстану Мәслихатының оқу жылы басталғалы бері “Балмұздақ” атты алғашқы жобасы өткізілді.

Жобаның басты мақсаты: студенттердің әртүрлі өнерлерін көрсетуі.

Жоба барысында 1-курс студенттері өздерінің әншілік, билеу, әртістік және ұйымдастырушылық қабілеттерін таныта білді.

23.10.2019

 

5.

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында 05.12.2019 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласының белсенді әрі бірлігі жарасқан Студенттер Сенатының жыл сайынғы ұйымдастыруымен өтетін

"Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2019"мега жобасының Гранд-Финалы орын алды. Қазақтың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, туған тілдің тұғырын асқақтатушы, қазақы тәрбиені бойына сіңіріп, ата дәстүрден аттамайтын аруымыз бен сұлтанымыз Бараков Шамшет пен Алмат Орынкүл атанды.

05.12.2019

 

 

6.

Өнерлі адамдардан құрылған “TOP ART” ұжымының ұйымдастыруымен өткен Таланттар Шоуы жобасында Шығыстану Мәслихатының 1-курс студенті Серикова Нұрайым мен Хван Анель жүлделі орындарға ие болды.

 

15.10.2019

 

7.

Шығыстану Мәслихаты “Кухня” атты дәстүрлі жобасын өткізді. Жобаға қатысушылар Шығыс елдерінің өкілдерінің рөлін атқара отырып, тағам дайындау шеберлігімен жарысып, күшқабілеттерін көрсете білді. Жарты жылдың есептемесінің нәтижесі бойынша, “Ең Ерекше Жоба” номинациясына ие болды.

29.11.2019

 

8.

Студенттер Сенатының басты мақсатының бірі салауатты өмір салтын ұстану болып табылады. Сондықтан, 06. 02.2020 күні “Санта Барбара” деп аталатын дәстүрлі табиғаттағы белсенді демалыс өткізілді. Қызықты, әрі пайдалы күн болды.

 

06. 02.2020

 

9.

Қайырымды Жұма іс-шарасы аясында Шығыстану Мәслихаты басқа Мәслихаттармен бірге №1 Балалар үйіне барып, әртүрлі сыйлықтармен көңілін көтеруге өз үлесін қосты.

07.02.2020

 

10.

Шығыстану Мәслихатының қызықты “Махаббат бұл…” атты жарыс түрінде өткен жобасы өткізілді. Жоба кезінде қатысушылар өздерінің әртістік қабілеттерін көрсетіп, әділ қазылардың шешімімен жүлделі орындарға ие болды.

Жобаның аяғында Шығыстану Мәслихатының төрағасы 3-курс студенті Болатова Еркежан, Түркияға академиялық жылға кету себебінен, өз лауазымын 3-курс студенті Муратова Ақеркеге берді.

21.02.2020

 

11.

Шығыстану Мәслихаты Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен факультет аралық онлайн конкурсқа қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.

Конкурстың басты мақсаты: карантиннің маңыздылығы, айналысуға болатын істер және дәрігерлерге деген рахмет.

31.03.2020 - 04.04.2020 

 

12.

Ұйымдар Жәрмеңкесі өтіп, Мәслихат ұйымы 1-курс студенттерін инстаграм әлеуметтік жүйесінде қарсы алып, төраға Муратова Ақерке мен сыртқы істер бойынша орынбасары Бақытова Камила ұйымның айналысатын іс-шаралары мен мақсаттары, неліктен Мәслихатты таңдау керектігі туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап берді.

Мәслихатқа қосылған студенттерді онлайн түрде болса да, қуанышпен қарсы алдық.

11.09.2020

 

13.

Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен жемқорлықпен күресу аясында “Қазақстандағы Жемқорлық” атты конференция өткізілді.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты мен міндеті жастар арасында, атап айтқанда ЖОО студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, сананы қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады.

24.10.2020

 

14.

Мәслихат ұйымы Нұр балалар үйіне онлайн оқуға арналған 10 смартфон алып беру үшін қайырымдылық аптасын ұйымдастырды. Жиналған соманы басты ұйымдастырушыға жіберіп, көмек көрсетті.

09.12.2020-14.12.2020