«БЕЛМУ» ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

25.10.2020

Көрулер: 1747

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университінің негізгі мақсаты – жоғары білім беру жүйесін дамыту және жоғары білім берудің халықаралық жүйесін əлемдік деңгейде қалыптастыру. Қуанышымызға орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ШЫҰУ халықаралық білім беру бағдарламасының мүшелерінің бірі. Халықаралық университет құрған жобалардың бірі – “Қос диплом” бағдарламасы бойынша магистратураға оқуға түскен талапкерле екі түрлі жоғары оқу орнында оқып, екі диплом алу және ғылыми іс-сапарына бару мүмкіндігіне ие.

Дәл осы мүмкіндік бойынша Батықова Жұлдыз Белгород Мемлекеттік Университетіне ғылыми іс-сапарға бары п келіп, ҚазҰУ мен БелМУ –нің қос дипломын алып, техникалық ғылымдардың магистрі атанды. ШЫҰУ ұсынған бағдарлама бойынша БелМУ-де білім алып қана қоймай, ғылыми бітіру жұмысын жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханада орындап, Ресейдің білікті профессорлары және оқытушыларымен жұмыс жасауға мүмкіндік алған. Пайдалы ғылыми іс-сапар, керемет мүмкіндіктер үшін ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасына Батықова Жұлдыз алғысын білдіреді.