«25-қазан – Республика күні» кураторлық сағаты

26-қаз-22

Көрулер: 1135

2022 жылғы 26 қазан күні Қазақстан Республикасының күнін мерекелеуге орай «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында куратор-эдвайзер Саймасаев У.А. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс қазақ оқу тобымен ашық «25 қазан – Республика күні» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат презентация және студенттердің сөз сөйлеу форматында жүргізілді.

Кураторлық сағат «Менің Қазақстаным» Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Кураторлық сағаттың мақсаты – патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, құрметке тәрбиелеу. Студенттер өздерінің кураторының жетекшілігімен бұл іс-шараға үлкен қызығушылықпен және ынтамен материалдар дайындады: құжаттар, фотосуреттер, презентациялар. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен дамуы, сондай-ақ елімізде Республика күнін тойлаудың бастауы туралы ақпарат берілді. Кураторлық сағатта студенттер Құрманғазының «Сары Арқа», «Адай» күйлерін домбырада орындады.