Назарбаев Университетінің ғалымдарымен кездесу!

30-қыр-22

Көрулер: 991

2022 жылдың 30 қазанында «Назарбаев Университетінің Алматыдағы күндері» бағдарламасы аясында Назарбаев Университетінің ғалымдарымен кездесу өтті. Ғалым Елтай Рахманов пен шетелдік доцент Сайед Әли Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының жас ғалымдарымен және студенттерімен кездесті.

Кездесу спорт ғылымы, менеджмент, инновация бағытында өтті. Кездесу барысында доцент Сайед Әли барлығын өзі әзірлеген спорттық медицина және оңалту бойынша магистрлік бағдарламамен таныстырды. Бұл бағдарламаның соңында студенттер магистр дәрежесін алады. Бағдарлама магистранттарға осы салада теориялық және практикалық білім береді. Бағдарламаның негізгі бағыты түлектерге аналитикалық дағдыларды, ғылымға деген сүйіспеншілікті дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы инновацияларға қызығушылықты арттыруға көмектесетін зерттеулерге бағытталған.