Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты

12-нау-22

Көрулер: 1516

2022 жылдың 12 наурызында Семей қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Турнир КСРО спорт шебері, ТМД-ның еңбек сіңірген өнер және спорт қайраткері, Қазақстан құрамасының бас бапкері, дзюдодан әлем чемпионы, «Самбодан академигі» Керей Қойшыбекті еске алуға арналды.

Бұл жарыстарда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Гүлнаст Нұрдинова 54 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.

Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 470 спортшы қатысты. Олар толық медициналық тексеруден өтіп, турнир барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өтті.