Жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты.

4-нау-22

Көрулер: 1537

2022 жылдың 24 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Ташкентте (Өзбекстан) семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия чемпионаты өтті, оған Азияның ең үздік семсерлесушісі атағы үшін күрескен құрлықтың ең мықты спортшылары бас қосты. Бұл жарыстарда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті Нурумов Ғалым 3 орынды жеңіп алды. Жылдың беделді жарыстарына 25-тен астам елдің өкілдері қатысты.