Алматы қаласы №124 жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру және спорт бөлімі студенттерінің педагогикалық практикасы.

24-нау-22

Көрулер: 1583

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының қазақ бөлімінің 4 және 3 курс студенттері (қысқартылған ) Алматы қаласындағы №124 орта мектеп базасында педагогикалық тәжірибеден өтеді. 4 курста практика 10 апта 24 қаңтардан 02 сәуір 2022 жылға дейін, практика жетекшісі оқытушы Адилжанова М.И., 3 курс 8 апта 2022 жылдың 24 қаңтарынан 19 наурызға дейін практика жетекшісі доцент Мадиева Г.Б. №124 орта мектеп базасында студенттердің практикасына жауапты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әдіскер Коркембаева А.А.

Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты студенттердің болашақ мамандыққа кәсіби дайындығын тексеру, теориялық, әдістемелік білімдерін нығайту және қажетті дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.