Ауыр атлетикадан халықаралық турнир 2021 ж.

27-жел-21

Көрулер: 1391

2021 жылғы 24-26 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) төрт дүркін әлемнің чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Қаныбек Осмонолиевтің жүлдесі үшін ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша 81 келі салмақта 310 келі көрсеткішпен Медицина және денсаулық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Сейітқазы Еламан 1-орынға ие болды.