Жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты 2021 ж.
10.10.2021
Көрулер: 1531
2021 жылғы 4-8 қазан аралығында Ақтөбе қаласында (ҚР) 3, 4, 5 жас топтары арасында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарыстарда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті Мелисова Әсем әртүрлі қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Нәтижесінде Мелисова Әсем 1500 метрге еркін жүзуде 19,18,80 ұпаймен 2 орын, 400 метрге еркін жүзуде 4,52,05 ұпаймен 3 орын, 800 метрге еркін жүзуден 9,57,73 ұпаймен 3 орын алды, 31,40 ұпаймен 50 м қашықтықта көбелекпен 3 орынға ие болды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |










