Мәдениет және спорт министрлігі және дене тәрбиесі комитетінің «Қаркен Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған Олимпиада резерві-мектеп-интернат-колледжі» базасында педагогикалық (жаттықтырушылық) тәжірибесі өтті.
Көрулер: 1499
2021 жылдың 1 қыркүйек пен 11 желтоқсан аралығында Мәдениет және спорт министрлігі және дене тәрбиесі комитетінің «Қаркен Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған Олимпиада резерві-мектеп-интернат-колледжі» базасында дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4 курс және 3 курс (қысқартылған) студенттері 15 апталық педагогикалық (жаттықтырушылық)) тәжірибесінен өтті.
Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты – кәсіби білімді жүйелеу, кеңейту және бекіту, өз бетінше ғылыми жұмыстарды жүргізу, зерттеу және эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқуда алған теориялық білімдерін қолдану және практикалық дағдыларды меңгеру.
Онлайн форматтағы қорытынды конференциясында студенттер баяндама түрінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Тәжірибе базасынан қатысқандар: колледждің оқу ісінің орынбасары Байдосова Д.К., жаттықтырушылар Отынчинов Е. және Бекесов Д.
![]() |
![]() |








