«Күз-2020» әуесқой волейбол командалары арасында волейболдан чемпионат

10-қаз-20

Көрулер: 1876

Жыл сайын күзде Алматы қаласында Әуесқой волейбол федерациясының бастамасымен волейболдан әуесқой командалар арасында «Күз-2020» чемпионаты өтеді. Биылғы жылы жарысқа 41 команда қатысты. Командалар бірнеше дивизионға бөлінген. Дене шынықтыру және спорт мамандығының екінші курс студенті Ораш Нұрқуат өзінің JML командасының құрамында А дивизионында қола медаль жеңіп алды. Чемпионат керемет достық атмосферада, көптеген әдемі сәттермен, соққылармен және блоктармен өтті.