«Буревестник» - ерлер арасындағы волейболдан Қазақстан суперкубогының иегері
31.10.2020
Көрулер: 2207
2020 жылдың 31 қазанында Өскемен қаласында волейболдан ерлер арасында Қазақстан Суперкубогы үшін матчтар өтті. Финалдық кездесуде «Буревестник» пен «Атырау» құрамалары жекпе-жекке шықты, 3: 0 нәтижесімен «Буревестник» Суперкубоктың иегері болды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттері Алдаш Нурдос пен 3 курс Габитулы Бекарыс «Буревестник» командасының белсенді ойыншылары. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт кафедрасының түлектері Кунченко Владислав пен Гурин Кирилл ұлттық құрама сапында ойнайды.
|
|
![]() |







