Жаңалықтар

Нұрқожа - жаңа салмақтағы Қазақстан Республикасының чемпионы.

22-қар-20

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Нұрқожу Қайпановты кезекті жеңісімен құттықтаймын. Қарсыласын 4: 0 есебімен жеңген Нұрқожа еркін күрестен, 74 келі салмақта (олимпиадалық салмақ дәрежесінде) Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұрқожа 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен болатын.

Еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты Алматы қаласында 2020 жылы 22 қарашада өтті.

Ары қарай оқу >>

Жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты.

22-қар-20

Өткен жүзу спортынан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 2020 жылғы 22 мен 29 қараша аралығында Ақтөбе қаласында өткен жарыстарда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Жұмағали Нұрдәулет келесі позициялар бойынша екі күміс және қола медаль жеңіп алды:

- II орын 100 м брасс тәсілімен 1.04.12 сек

-II орын 200 м брасс тәсілімен 2.18.14 сек

-III орын 50 м брасс тәсілімен 29,34 сек

Ары қарай оқу >>

Грек-рим күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының күмісі

20-қар-20

2020 жылғы 20-26 қараша аралығында Алматы қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Фидахметов Ернар - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті, грек-рим күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері, 60 кг.

Ары қарай оқу >>

Руфаттың қоласы!

20-қар-20

2020 жылғы 20-26 қараша аралығында еркін күрестен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Қалжан Руфат 57 кг салмақ дәрежесінде қарсыласынан алым алып, еркін күрестен Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері болды.

Ары қарай оқу >>

Нурдостың кәсіпқой рингтегі жеңісі.

18-қар-20

2020 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «МТК Қазақстан» кәсіпқой бокстан кеш өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Төлебай Нұрдос жартылай орта салмақта Мұрат Нұрманбетовті жеңді

Ары қарай оқу >>

Дзюдодан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты.

18-қар-20

2020 жылғы 18-21 желтоқсан аралығында Ақтау қаласында дзюдодан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Сағитбек Аслан дзюдодан ерлер арасында 90 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Эльдар - оқ атудан Қазақстан Республикасының чемпионы

13-қар-20

2020 жылғы 13 - 20 қараша аралығында Шымкент қаласында оқ атудан Қазақстан Республикасының Чемпионы өтті, онда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының үшінші курс студенті Иманқұлов Эльдар 237, 2 есебімен ПП-3 жаттығуымен пневматикалық қарудан Қазақстан Республикасының чемпионы болды.

Ары қарай оқу >>

Әлімжан - WBC бокс белбеуінің иегері.

1-қар-20

2020 жылы 1 қарашада Алматыда кәсіпқой бокстан «MTK Fight Night» жарысы өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Тұрсынов Әлімжан 59 келі салмақ дәрежесінде қарсыласын жеңіп, бірінші орынды иеленді және әлемнің жетекші WBC және WBO бокс ұйымдарының белбеуінің иегері болды.

Ары қарай оқу >>

«Буревестник» - ерлер арасындағы волейболдан Қазақстан суперкубогының иегері

31-қаз-20

2020 жылдың 31 қазанында Өскемен қаласында волейболдан ерлер арасында Қазақстан Суперкубогы үшін матчтар өтті. Финалдық кездесуде «Буревестник» пен «Атырау» құрамалары жекпе-жекке шықты, 3: 0 нәтижесімен «Буревестник» Суперкубоктың иегері болды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттері Алдаш Нурдос пен 3 курс Габитулы Бекарыс «Буревестник» командасының белсенді ойыншылары. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт кафедрасының түлектері Кунченко Владислав пен Гурин Кирилл ұлттық құрама сапында ойнайды.

Ары қарай оқу >>

ТҮРКІ ХАЛҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ.

29-қаз-20

2020 жылдың 29-30 қарашасында Бішкек қаласында (Қырғызстан) Қырғыз-Түрік Манас университетінде IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ СИМПОЗИУМЫ өтті. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Алимханов Елемес Әлімханұлы «Ұлттық ойындар мен этноспорттың халық өміріндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Симпозиум онлайн режимінде өтті.

Ары қарай оқу >>