14.09-28.12 аралығында "Менеджмент" кафедрасында шетелдік профессор Дубина Игорь Николаевич өзінің «Ғылыми зерттеу әдістері» курсын өткізеді

08.12.2020

Көрулер: 1572

14.09-28.12 аралығында "Менеджмент" кафедрасында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 1 курс докторанттары үшін шетелдік профессор Дубина Игорь Николаевич, экономика ғылымдарының докторы, Новосібір Ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің профессоры (Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.) "Ғылыми зерттеу әдістері" атты курсын сәтті өткізуде. Игорь Николаевич ресейлік және шетелдік баспасөзде 170-тен астам жұмыстың (50-ден астамы ағылшын тілінде), оның ішінде Ресейдің орталық баспаларында жарияланған 5 авторлық монография және ағылшын тілінде бірлескен авторлықта 2 монография, ОӘБ грифі бар 9 авторлық оқулық пен оқу құралы, РФ ЖАК ұсынған журналдарда 25 мақала, халықаралық реферирленетін басылымдарда (h index = 5 Scopus базасында) 12 мақала авторы, 15 шетелдік университеттерде ғылыми-зерттеу және оқытушылық жұмыста үлкен тәжірибесі бар: George Washington University, Texas A&M университеті, Drake University, Buffalo State College, Waubonsee College (АҚШ), Martin Luther University Halle Wittenberg (Германия), Central European University (Венгрия), Japan Institute of Applied Technologies and Kindai University (Жапония). Шетелдік профессордың ұсынған курсында "Кәсіби зерттеу базаларының артықшылықтары мен кемшіліктері (Scopus, Web of Science, РҒДИ мысалында)","Ғылыми-зерттеу жұмысындағы тәжірибелік-ойын әдістері мен модельдері" тақырыптартарындағы лекциялары қызығушылық тудырды.