2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Халықаралық интеграция және трансшекаралық ынтымақтастық мектебінің (РФ) жұмысына белсенді қатысқаны үшін профессор экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Менеджмент кафедрасының жетекшісі Тургинбаева А.Н. алғыс айтылады.

16.10.2020

Көрулер: 1621

Жобаны шекаралас ынтымақтастық және интеграция институты Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Мектептің мақсаты - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің трансшекаралық өзара әрекеттестігі саласындағы жастар, ғалымдар мен сарапшылар арасында халықаралық ынтымақтастық орнатуға ықпал ету.

Мектеп 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Биылғы жылы оған Ресей, Украина, Беларуссия, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, ЕО және басқа елдермен шекаралас облыстардан ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысты.

Мектептің бағдарламасында Интернет-конференция, сонымен қатар жетекші ғалымдар мен сарапшылардың онлайн-дәрістері, әдістемелік семинарлар, бейнеконференциялар мен сараптамалық пікірталастар болды.