2020 жылдың 27 мамырында Шекара маңындағы ынтымақтастық және интеграция институты (РФ, Белгород қ.) «ЕАЭО елдерінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі білім беру мәселелері мен келешегі» тақырыбында Online -пікірталас ұйымдастырды.
Көрулер: 1542
Талқылау барысында білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту, білім беру бағдарламаларына бірыңғай білім беру стандарттарын енгізу, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік басқару саласында білім беру саласында рейтингтік зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Онлайн-пікірталаста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан басқа Курск мемлекеттік университеті, Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, Волгоград мемлекеттік университеті, Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясы, Қытай ғылым академиясы және т.б. өкілдері баяндама жасады.
Басты талқылау ЕАЭО аясында мемлекеттік басқарудағы білім беру бағдарламаларына арналған жалпыға бірдей білім беру стандарттарын енгізу төңірегінде өрбіді. Осы мәселе төңірегінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Менеджмент кафедрасының доценті Тұмбай Ж.О. баяндамасынан қызу пікірталас туындады. Ол өз баяндамасында Университеттердің Ұлы Хартиясының негізгі қағидатына сүйене отырып, университет «әр түрлі географиялық және тарихи жағдайлардың салдары болып табылатын, түрлі ұйымдар бар қоғамдарда жұмыс істейді және зерттеу мен оқыту арқылы мәдениетті сыни тұрғыдан бейнелейтін және тарататын автономды институт» дей келе, мамандықтардың білім беру бағдарламаларына, жалпы білім беру стандарттарын қолданудың сәйкес еместігі туралы тезисті негіздеді. Осы мәселе бойынша, әр ЖОО жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен нарықтық сұраныстарын негіздеуде, шешім қабылдауда тәуелсіз болуы керек.
Қатысушылар тарапынан қарама-қарсы пікірлерде білдірілді. Бірақ талқылау кезінде бұл пікірді жақтаушылар үлесі аз болды.






