2020 жылдың 15-сәуірінде (РФ, Белгород қаласы) «ЕЫҚҰ елдерінде жария басқаруды жаңғырту» видеконференциясында ҚазҰУ Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор А.Н.Тұрғынбаева үкіметтік емес сектордың қалыптастырылу және даму үрдісі туралы баяндама жасады.
Көрулер: 1748
2020 жылдың 15 –сәуірінде Ресей, Армения, Белоруссия, Болгария, Қазақстан, Қырғызстан және Молдавия елдерінің ғалымдары, сарапшылары мен журналистерінің қатысумен өткен ЕЫҚҰ елдерінде жария басқаруды жаңғырту» видеконференциясы болып өтті.
Видеоконференция барысында жария басқарудағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, посткеңестік кеңістіктегі әкімшілік реформалар, сонымен қатар жария басқаруды жаңғырту кезінде үшінші сектордың ролі туралы сұрақтар талқыланды.
Тәжірибе алмасу арқылы академиялық және сараптамалық қоғамдастықтың көпшілік басқарудың неғұрлым оңтайлы моделін табуын, тек қана ЕЫҚҰ елдері-қатысушыларына ғана емес, ынтымақтастыққа дайын мемлекеттердің де жария басқару жүйесі ұйымының тиімділігіне әсер ететіндігі туралы тезис жарияланды.
Видеоконференцияны «БелГУ» ҰҒИ әлеуметтік технологиялар және мемлекеттік қызмет кафедрасының меңгерушісі Виктор Сапрыка ашып, барлық видеконферецияға қатысушыларымен сәлемдесіп, ЕЫҚҰ елдерінің жария басқаруды жаңғырту тақырыбы бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, баяндама жасауға дайын сарапшыларға алғыс білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор А.Н.Тұрғынбаеваның баяндамасы Қазақстан Респбуликасындағы үшінші сектордың жай-күйіне талдау тақырыбына арналды. Ол өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес сектордың даму мәселелері туралы баяндады және Қазақстан Республикасындағы ҮЕҰ қызметінің негізгі заманауи бағыттарын, атап айтқанда жастар саясатын және балалар бастамасын қолдау, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау және басқа әлеуметтік бағыттарды айқындап берді.
Сонымен қатар, Белорусь Республикасының сарапшылары - Алексей Авдонин мен Ирина Новикова, Қырғыз Республикасынан-Асель Джаилова, Болгариядан-Тодор Галунов, Ресейден-Владимир Слатинов, Армениядан-Хачик Галстян баяндама жасады.
Ереван мемлекеттік университетінің теория және саяси ғылым тарихы кафедрасының доценті Х.Галстян 2020 жылдың 21-сәуірінде мәскеу уақытымен 12:00-де өтетін «Короновирус пандемиясымен күресте мемлекеттік және жария басқару органдарының қызметтерінің тиімділігі» тақырыбындағы пікір-таласты on-Iine өткізуге ұсыныс білдірді.
Шекаралық ынтымақтастық және интеграция институты (mail@icbci.info) президенттік грант Қорының (№19-2-002144 «Еуразиялық экономикалық одақтың жария басқару мектептерінің аймақаралық желі Жобасы) қолдауымен өткізілген видеоконференцияға қатысушыларға алғыс білдірді және сарапшылық видеконферециялар мен қашықтықтан өткізілетін шараларды өткізуге арналған виртуалдық алаңды ұсынуға дайын екендігін білдірді.






