ЖОО-ның заманауи түлектерінің құзыреттілігі
Көрулер: 1615
ҚРЖМО сертификациялау орталыгының директоры Акзамбеккызы Акбота дөңгелек үстел барысында ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымдық элементі болып табылатын "Жобаларды басқару" кәсіби стандарт бойынша мәселені қозғады. Аталған стандарт "Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасы бойынша ҚРЖМО тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы серіктестік негізінде ҚР Ұлттық біліктілік жүйесінің негізін қалыптастыру үшін әзірленген.
Стандарт жобаларды басқару саласында мамандардың біліктіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Оның құрамында жобаларды басқару кәсіптеріне сәйкес келетін еңбек функцияларының анықтамасы, жобаларды басқару бойынша әрбір кәсіп үшін қызметкерлердің біліміне, шеберлігіне, дағдыларына және жеке құзыреттеріне қойылатын талаптардың сипаттамасы нақтылап көрсетілген.
Осы кәсіби стандарт негізінде еңбек нарығын дамытудың жалпы стратегиясын және жобалық басқару саласында кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік ашылады және мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар, оқу бағдарламаларына қажет оқу-әдістемелік материалдарды жасауға мүмкіндік береді.






