ҚазҰУ мен ХДРУ (РУДН) пандемия жағдайында академиялық ұтқырлық бойынша Серіктестігі

14.09.2020

Көрулер: 1955

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан) (www.kaznu.kz) және ХДРУ (Ресей) (www.rudn.ru) Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және студенттермен академиялық алмасу туралы шарт негізінде пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерінің тиімділігі мен білім беру кеңістігінде өзінің бәсекелестік артықшылықтарын күшейтуге шешім қабылдады. Сол шешім негізінде ХДРУ халықаралық ынтымақтастықты күшейту және студенттерді даярлаудың сапасын арттыру мақсатында онлайн форматта білім алу үшін "Маркетинг" мамандығы бойынша 4-курс студенттерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не жіберді.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру, академиялық ұтқырлық және ғылыми-зерттеулер жүргізу саласында одан әрі бірлесіп, белсенді қызмет жүргізуге дайын.