"Digital-маркетинг компания бизнесін табысты құру құралы ретінде"

24.02.2021

Көрулер: 2236

"Digital-маркетинг компания бизнесін табысты құру құралы ретінде" тақырыбында өткен дөңгелек үстел есебі

 

2021 жылдың 24 ақпанында "Бизнес-технологиялар" кафедрасында "Маркетингтік агенттік" студенттік ғылыми үйірмесімен " Digital -маркетинг компания бизнесін табысты құру құралы ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында "Маркетинг" мамандығының студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өзекті баяндамалар жасады. Студенттер өз баяндамаларында ғылыми-теориялық аспектілермен қатар, еліміздің түрлі салалары мен қызмет сфераларында цифрлық маркетингтің даму бағыттарын талқылап, қазіргі жағдайына талдау жасады. Баяндамашылар қойылған сұрақтарға жауап берді, дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары аналогтан цифрлық экономикаға көшу мәселелерін белсенді және қызығушылықпен талқылады. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтті.