«Киберпедагогика»тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат

26.02.2021

Көрулер: 2686

2021 жылдың 26 ақпанында эдвайзерлер Умаров И.М., Оразымбетова А. Ш. және «Логистика» мамандығының қазақ, орыс, ағылшын бөлімінің 2-3 курс студенттері «Киберпедагогика»тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізді. Аталған іс-шарада студенттер киберпедагогиканың өзектілігін қарастырып, артықшылықтарын анықтап, кәсіптік білім беру жүйесінде білім беруші мен білім алушы үшін цифрлық технологияларды пайдаланудағы кемшіліктерді жою жолдарын ұсынды.