«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

09.12.2020

Көрулер: 3794

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

 

«Рухани жаңғыру!» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес технологиялар» кафедрасының аға оқытушы Маликова Р.М., оқытушы Тулебаева Н.Т. және «Логистика» мамандығының 2 курс студенттері, (ЛГ19к1 тобы) 09.12.2020ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өткізді.

Әлеуметтік-тәрбие онлайн іс-шараның өткізілу мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Бұл іс шараға барлық студенттер ат салысты: Бақкелді Сұлтан «Егемендік - ел бақыты», Дүйсен Қазына «Асыл елім», Бақытбеков Мади «Тас еденде жатты қазақ баласы», Байжанова Дильназ «Өгей дүние», Докей Балғын «1986 жыл. Желтоқсан» , Елеусіз Әділет «1986 жыл. Желтоқсан», Орналиева Акерке «Қазақ елім» атты өлеңдерін оқыды. Логистика К1 тобы 29 жылдық мерейтойға орай қазақстандықтардың өміріндегі әр жылды қосып, 29 елеулі өзгеріс пен жетістікті назарға ұсынды.

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болсын! Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

 

 

 

 

«Бизнес технологиялар» кафедрасының

аға оқытушысы, топ эдвайзер Маликова Р.М., оқытушыТулебаева Н.Т.