«16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

09.12.2020

Көрулер: 3294

«16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні»

атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

 

«Рухани жаңғыру!» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес технологиялар» кафедрасының аға оқытушы Маликова Р.М. және «Логистика» мамандығының 4 курс студенттері, (ЛГ17р тобы) 09.12.2020ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өткізді.

Әлеуметтік-тәрбие онлайн іс-шараның өткізілу мақсаты: Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту

Тәуелсіздік - бостандықтың алтын діңгегі, ұлттық прогрестің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы қыңыр, ұлы мықты, халқы батыр. Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың мызғымас тірегі! 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы соңғы күресі болды. Тәуелсіздік қатты күресте келді. 34 жыл бостандықта жүздеген жылдарға лайықты қадамдар жасалды. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз бақытты.

Іс-шараға топтың барлық студенттері қатысты: Маратқызы Динара, Махпиржанов Алимжан, Суфиева Асия, Кадырбекова Дилара Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған өлеңдерін оқыды.

Балалар іс-шараға арналған интеллектуалды ойын құрастырды.

Тәуелсіздіктің арқасында біз әлемге әйгілі елге айналдық. Бізде әнұран, ту және елтаңба, қазақ тілі және туған тегіміз бар. Тәуелсіздік үшін қанын төккен бауырларымыздың ерліктерін әрдайым еске алайық.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! 

 

 

 

«Бизнес технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Маликова Р.М., Абдикул Ш.Н., Оразымбетова А.Ш.