ЭжБЖМ-нің «Маслихат» ұйымы:

23.09.2020

Көрулер: 1249

ЭжБЖМ-нің «Маслихат» ұйымы:

Ұйымның басты міндеті : Мәдени және спорттық іс-шараларды жоғарғы деңгейде,өте қызықты өткізу. Сенат-бұл мүмкіндіктер алаңы болып табылады, біздің ұйымның құрамында өнерлі,белсенді студенттеріміз өте көп және біздің экономаслихат студенттердің қабілетін көрсетіп,үлкен мүмкіндік беретін негізгі мекен.

Қыркүйек айының 14 күні өткен жәрмеңкеде, экономмаслихат құрамына 133 бірінші курс студенттерін қабылданды.

Көпұзамайбіріншікурсстуденттерінеарналған«Хэллоуин«мерекесінебайланыстыбілімжәнеөнерсайыстарынантұратынеңалғашқыпроектөткізілді. Проекткешолужасапкетсек:

1-тур: Қатысушылардың білімдерін сынау мақсатында викториналық сұрақтар қойылды.

2-тур: Маслихаттағы екінші курс студенттеріне көңілді пародия жасалынды.

3-тур: Креативті хэллоуиндік маска жасалынды.

 

Бұл проекттің басты мақсаты бірінші курс студенттерін онлайн оқуғақарамастан,белсенділік қабілетін арттыру. Проектқорытындысы бойынша белсенділік көрсетіп,жеңіске жеткен төрт бірінші курс студенттеріне мотивациялық кітап пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, Химия және химиялық технологиялар факультеті маслихатының шақыруымен,бірінші курс студенттері арасында әр түрлі қызықты,көңілді тапсырмалар орындау түрінде батл өткізілді, батлдың қорытындысы бойынша,екі маслихат тең болып:достық жеңді.

Қазіргі жағдайға байланысты онлайн оқу орын алып жатқандықтан,көптеген ірі проектілер онлайн түрінде өтуде. Бірақ қандай да болмасын, ұйым бірінші курс студенттеріне студенттік өмірдің ең алғашқы кезеңдерін осындай керемет іс-шаралармен қызықты әрі көңілді өткізуге үлкен ықпалын тигізуде.

Келесі кезекте, желтоқсан айының бастауымен, экономмаслихат, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ірі «Modernization» атты проектісін ұйымдастырмақшы. Проект факультеттер арасында өткізіледі.Бұл проекттің басты мақсаты жаңа-жылды ойламай,тәуелсіздік күнін дәріптеп, тәуелсіздікке қол жеткізуге үлкен ықпал тигізген желтоқсандық аға-апаларымызды таныту болып табылады. Проект 3-турдан тұрады:

1-тур: Фотобатл (Қазақстан Республикасының туымен байланысты болады,яғни әр студенттің өз фантазиясына байланысты креативті етіп суретке түседі және солардың арасында фотобатл ұйымдастырамыз);

2-тур: Студенттер өз өнерлерін көрсетеді(ақындық қабілет,ұлттық аспапта ойнау және т.б.);

3-тур: Тәуелсіздік күнімен байланысты қойылым қою.

Проект барысында белсенділік танытып,жеңіске жеткен студенттерге сыйлықтар табысталатын болады.

 

 


ЭжБЖМ Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттік Сенатының төрағасы: Ауғанбаев Сапар Берікұлы;
Телефон: 8-707-947-90-21;