«Тұғыры биік - Тәуелсіздік!» атты халықаралық деңгейдегі онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

08.12.2020

Көрулер: 2193

«Тұғыры биік - Тәуелсіздік!»

атты халықаралық деңгейдегі онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

 

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес технологиялар» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., проф. Ахметова З.Б., аға оқытушы Маликова Р.М., Абдикул Ш.Н., Оразымбетова А.Ш. және «Логистика» мамандығының 4 курс студенттері, (ЛГ17к3 тобы) 08.12.2020ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тұғыры биік - Тәуелсіздік!» халықаралық деңгейдегі әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өткізді.

Әлеуметтік-тәрбие онлайн іс-шараның өткізілу мақсаты: еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру; Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана - сезімдерін дамыту; туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Пандемия кесірінен оффлайн университет қабырғасында кездеспесекте, Тәуелсіздігімізді онлайнда ұлықтауға ештеңе кедергі емес.

Бұл іс шараға қонағы ретінде Мырзахан ақсақал шакырылды. Атамыз сол кездегі әңгімелерін айтты, жастарға ақылын айтып, батасын берді.

Өзбекістан Республикасының азаматшасы, біздің аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (шетел студенті) Логистика мамандығының 4 курс студенті Султанова Мухаббат қазіргі пандемия кезінде өз елінен онлайн режімінде сабақ оқып, бізге жалынды сәлемін айтып Қазақстан Республикасын 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Керімбекова Фаризаның құттықтау сөзін айтып, Адай күйін орындады. 

Бұл іс шараға топтың барлық студенттері ат салысты: Садуақас Диана, Серікқан Бүрлен мәнерлеп өлең оқыды, бір топ студенттер ой-толға презентациясын ұсынды, және қазіргі пандемия кездегі жан жақта жүргенсоң челлендж ұйымдастырды.

Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсе ортаға салынды. Ендігі осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысайык. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе білейік. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өзіміз. Сондықтан да осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендерімізді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүрейік.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

 

 

 

«Бизнес технологиялар» кафедрасының

меңгерушісі э.ғ.к., проф. Ахметова З.Б., аға оқытушы Маликова Р.М., Абдикул Ш.Н., Оразымбетова А.Ш.