«Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый» атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

08.12.2020

Көрулер: 2096

«Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый»атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

 
«Рухани жаңғыру!» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес технологиялар»кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., проф. Ахметова З.Б., аға оқытушы Маликова Р.М., Ахметкалиева С.К. және «Логистика» мамандығының 4 курс студенттері, (ЛГ17к2 тобы) 08.12.2020ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік –тәңір берген тәтті сый» әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өткізді.Әлеуметтік-тәрбие онлайн іс-шараның өткізілуі: Тәуелсіздік ұғымын тереңтүсіндіру, студенттердің бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік, татулықұғымдарын терең сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шарада студенттер тәуелсіздіккеарналған жырларын оқып, өнерлерін көрсетті.Тәуелсіздік – асыл бабаларымыздың сан ғасырғы арман-мұраты. Осы жолда оларжанын құрбан етті. Бұл – әлмисақтан мұсылман қазақ  халқы үшін аса қадірлі күн.Өйткені, тәуелсіздікпен бірге біз ана тілімізбен, ата дінімізбен қауыштық. Салт-дәстүрімізжаңғырды. Кешегі құбылмалы заман көшінде дін ілімін тарату емес, үйренудің өзіқылмыспен тең болды. Осындай қан мен тердің, ерік пен жігердің арқасында жеткентәуелсіздігімізді сіз бенен біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.Жүрекжарды жыр астарынан студенттердің патриоттық сезімін, отансүйгіштікқасиетін аңғаруға болады. Ынтымағы, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пенұлыстарға алтын бесік болған мемлекеттің ұланы екендіктерін мақтаныш сезімдеріменжеткізді. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскеразамат қалыптастыруға бағытталған мерекені «Бизнес технологиялар» кафедрасыныңмеңгерушісі э.ғ.к., проф. Ахметова З.Б., аға оқытушы Маликова Р.М., т.ғ.к. эдвайзерАхметкалиева С.К. ұйымдастырды.Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең - байтақ жерімізді теріспиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кетежаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмыры ұзақ болғай.Ынтымағымыз жарасқан, бірліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақхалқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

«Бизнес технологиялар» кафедрасыныңмеңгерушісі э.ғ.к., проф. Ахметова З.Б.,аға оқытушы Маликова Р.М.,эдвайзер Ахметкалиева С.К.