«Желтоқсан желі – ызғарлы» атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

08.12.2020

Көрулер: 2181

«Желтоқсан желі – ызғарлы»

атты онлайн әлеуметтік-тәрбиелік -іс-шара

 

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес технологиялар» кафедрасының аға оқытушы Маликова Р.М. және «Логистика» мамандығының 4 курс студенттері, (ЛГ17к1 тобы) 07.12.2020ж Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Желтоқсан желі – ызғарлы» әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өткізді.

Әлеуметтік-тәрбие онлайн іс-шараның өткізілу мақсаты: Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту

Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсіздігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барлығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтың 34 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.

Бұл іс шараға барлық студенттер ат салысты: Асылханова Құндыз «Балбырауын» күйі, Қызыр Шыңғыс «Еркесылқым» күйін орындады.

Мухудова Кермекас «Желтоқсан алаңындағы жыр», Камал Жансая «Тәуелсіздік», Сүндет Жадыра «Тәуелсіздік күні», Камардин Ақтоты «Жаса! Баба арман – Тәуелсіздік!» атты өлеңдерін оқыды.

Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі есе сақтайық.

Баршаңызды ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

 

 

 

«Бизнес технологиялар» кафедрасының

аға оқытушысы Маликова Р.М.,

эдв тобы Тулебаева Н.Т.