"КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ" Факультет деңгейіндегі мастер-класс
Көрулер: 1747
28.11.2020 ж. сағат 12:00-де "Бизнес-технологиялар" кафедрасының оқытушылары т.ғ. к., с. к. Ахметқалиева, аға оқытушы Ш. Н. Абдикул және докторант М. Белгожақызы CF&S Kazakhstan LLP ТЖ бөлімінің менеджері Әйкерім Әбдікәрімқызы Жұбатқанованың қатысуымен "Контейнерлік тасымалды цифрландыру" тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды. Жұбатқанова Әйкерім біздің университетіміздің "Логистика" мамандығының түлегі болып табылады, ол кәсіпорында қажетті логисттерге айналды. Тасымалдау саласындағы практикалық дағдыларды арттыру мәселелері саласында қызығушылық танытқандардың барлығы аталмыш шараға қатысып, өте қызықты әрі өзекті мәселелерді көтеріп, болашақта әр студенттің бойына дарыту қажет дағдылар мен тәжірибелердің қай тұстан нығайтуы керектігі жайлы ұзақ сөз қозғалды. Аталмыш тақырыптың зерттеушісі кафедра докторанты Молдабекова А. да Белсенділік танытып, өзінің зерттеуі үшін практикада болып жатқан жағдайлармен жақынырақ танысып, пайдалы мәліметтер алуға мүмкіндік алды. Көптеген кафедра оқытушылары да өздерінің оқыту барысында қандай жағдайларға көбірек назар аудару керектігі жөнінде қосымша ақпарат ала алды.
"Бизнес-технологиялар" кафедрасының оқытушылары т.ғ. к., с. к. Ахметқалиева, аға оқытушы Ш. Н. Абдикул және докторант М. Белгожақызы






