"ТИІМДІ ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ"

25.11.2020

Көрулер: 1783

26.11.2020 ж. "Бизнес-технологиялар" кафедрасының  Э.ғ.к., қауымдастырылған профессоры, меңгерушісі Ахметова З. Б., аға оқытушылары Турлыбекова Н. М., Аликбаева А. Б. және докторант Белғожақызы М. ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында өзекті мәселеге арналған ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы дағдыларды арттыру және дамыту бойынша мастер-класс өтті. Мастер-класс кафедраның "Макетинг" мамандығының 4курс студенттері аталмыш салада дағдыларын көбейтіп, қазіргі таңда өз істерінің шеберлері болып, соның арқасында көптеген Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары атанған Қоғабаева Әсел мен Сапакова Жансаяның тартымды және әсерлі презентациялар жасау үшін тәжірибеде қандай құралдар қолданылатынын көрсетіп өзіндік тәжірибелерімен бөлісумен өтті. Студенттерге аталмыш шараның қызық болғаны соншалық, тағы да қайталамасын сұрап өтінді.