«Ұлттық рухтың жаңғыруы»

 

2020 жылдың 11 қарашасында ZOOM алаңында филология және әлем тілдері факультетінің оқытушылары мен студенттеріне және де әдебиет сүйер қауымға «Ұлттық рухтың жаңғыруы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті белгілі және көрнекті ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Өмірхан Әбдиманұлы оқыды.

 Дәрісті Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражай-үйі  мен  Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы бірлесе отырып Алаш әдебиетін сүйер рухты ұрпаққа өнегелі тәрбие берер мақсатта ұйымдастырылды. 

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінде оқылған бұл онлайн дәрістің модераторы, белгілі Ахметтанушы Райхан Сахыбекқызы да бұл дәрістің әдебиет сүйер қауымға зор пайдасы тигенін айта өтті. 

Профессор  Өмірхан Әбдимаұлы өз дәрісінде Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметінің маңызды кезеңдері туралы және оның Қазақстан ғылымы мен біліміне қосқан үлесі туралы айтып, жас ғалымдарды осы көрнекті ағартушыдан үлгі алуға шақырды.

#wwwkaznukz

#қазақ_әдебиеті 

#қазұу_жастары