«Офлайн оқу мен онлайн оқудың ерекшелігі» атты кураторлық сағаты

14.03.2022

Көрулер: 1323

Логистика мамандығы 1-курс магистранттарының (Жанбиров Е.Ж, Еслямбек О.Т)  ұйымдастыруымен 3 курс «Маркетинг» мамандығы студенттерінің қатысуымен 12.03.2022 ж. "Офлайн оқу мен онлайн оқудың ерекшелігі" тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатофлайн оқу мен онлайн оқудың артықшылығы мен кемшілігі туралы студенттер арасында пікірсайыс алмасу түрінде өткізілдіПікірсайыс мақсаты: студенттердің өзінің ойы мен пікірін еркін жеткізуін қалыптастыру Бугінгі уақыт талабы әр адамның өз көзкарасын, пікірін қорғай білуін, өз ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді. Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі - сөз еркіндігі, өз ойын еркін айта алуы.Пікірсайыс барысында студентер: егер студент офлайн оқу кезінде өзге қатысушылармен өзара бірлесіп жұмыс жасаған кезде жаңа білімді жылдам және тимді игереді. Студент топтан қалғысы келмегендіктен өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысады және ұмтылады. Адал бәсекелестік оқудағы жалпы үлгерімдікті арттырады. Ал онлайн оқуда студент компьютер алдында отырып, видеосабақтардың жазбасын көреді, тыңдайды және онлайн-тест тапсырады. Мүнда жақсы нәтижеге жету үшін өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейде болуы талап етіледі деген тоқтамға келіп, офлайн оқу мен онлайн оқудың өзіндік ерекшелігіндегі білім алудағы өз орнын атап көрсетті. 

Эдвайзерлер: э.ғ.к, аға оқытушылар Кажмуратова А.К, магистр, аға оқытушы Болтаева А.Жэ.ғ.к, аға оқытушыКаргабаева С.Т.