«Қыз өссе - елдің көркі» атты ашық тәрбие сағаты

02.03.2022

Көрулер: 1556

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Ә.К. мен оқытушы Нурмағамбетова А.М. және Логистика мамандығының К4, К5 топтарының 1-курс студенттерінің қатысуымен 2022 жылдың 2 наурызында сағат 12.00-де 218 аудиторияда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Мерекелік концертте топ студенттері өз өнерлерін көрсетіп, университет қабырғасындағы барлық әйел адамдарын құттықтады. Студенттер аналарға өлең шумақтарын арнап, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет ғүрыптарын дәріптеу мақсатында көрініс қойып, викториналық сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, кешті әсем әуенмен аяқтады. 

Іс-шараның қонағы  «Бизнес-технологиялар»кафедрасының оқытушысы Асанова А.Д. топқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, топтың қыздарын келе жатқан көктем мерекесімен құттықтау сөзін сөйледі.