«Біз-тәуелсіз елміз!»

14.12.2021

Көрулер: 2156

11.12.2021 жылы  Логистика мамандығы-К6, 3 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңына «Біз-тәуелсіз елміз!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. «Біз-тәуелсіз елміз!» атты кураторлық сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады. Кураторлық сағатымыздың мақсаты – өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ, мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздіңқолымызда екенін, студенттерге патриоттық тәрбие беру болып табылады.Сонымен қатар студенттерге еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету және желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту; елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., Кажмуратова А.К.,  топ эдвайзері аға оқытушы Болтаева А.Ж. және Логистика К6 тобы студенттері.