Біздің студент – үздіктер тізімінде!

13.12.2021

Көрулер: 1932

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен № 5-18-2/482-және «ВILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған еліміздің жоғары оқу орындарының студенттерін қолдау мақсатында 7 желтоқсан күні Министрлер үйінде өткен конференцияда «ВILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзірет Барболұлы Сатылғанов, және Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Қамбаров Қайрат Тельманұлына осы байқаудың жеңімпаздарына диплом, сертификат, төсбелгілерді табыс етті. Осыүздіктер қатарында «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультетінің білім алушысы даболды.

«Экономика және бизнес жоғары мектебі»факультеті«Бизнес және технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 4 курс студенті – Үсен Самал Бақытжанқызы «Жылдың үздік студенті» атты халықаралық байқауының I орын иегері атанды

Жеңімпаз I дәрежелі дипломмен, төсбелгімен және сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, ғылыми жетекшісі А.Ш. Оразымбетовағаалғыс хат жолданды.

Студентіміз Самалды кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!